www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz

Біздің сайт беттерінде сізбен кездескенімізге қуаныштымыз!

Құрметті достар!

     Міне, жаңа 2017-2018 оқу жылы басталды! Біздің колледж үшін өткен оқу жылы жемісті, әрі жеңісті болды. Колледж ұжымының білім берудегі ғылыми-педагогикалық деңгейі өсті, Қазақстанның барлық көлік колледждерімен тәжірибе алмасу, ақпарат, оқу және әдістемелік жетістіктерімен бөлісу үшін достық байланысты орнаттық, республикалық Жеке меншік білім беру ұйымдары Ассоциациясы мүшесі ретінде техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша семинарлар мен тренингтерге қатыстық. Біздің колледж ТжКББ дамыту бойынша аймақтық Кеңестің, жұмысшы топтары мен Үйлестіру Кеңесі – әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестік бойынша аймақтық үш жақты комиссияның белсенді қатысушысы саналады. Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру үшін шығармашылық топ құрылды. Шығармашылық топтың жоспарына сәйкес, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың көрмесі, ғылыми-практикалық конференциялар т.с.с.іс-шаралар өткізеді.

  • Колледждің бүгінгі жетістігі, бұл – біздің ортақ еңбегіміз, ортақ жеңісіміз! Дегенмен, біз жүзеге асыратын міндеттер мен алатын асулар да аз емес!
  • Бұл сайт арқылы Сіздермен тығыз байланыс орнайды деп үміттенемін. Себебі М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің сайты колледж студентерімен, оқытушыларымен, қызметкерлерімен және ата-аналарымен өзара ынтамақтастықта болу үшін құрылды. Бұл – Сізді толғандыратын мәселелер бойынша ой бөлісетін, пікір алмасатын және ұсыныстарыңызды білдіретін тамаша мүмкіндік. Ал, ең бастысы өзіңізді мазалаған сұрақтарыңызды немесе ұсыныс-пікірлеріңізді тікелей колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамына білдіре аласыз.
  • Біздің сайттың беттерін парақтай отырып, біздің колледж туралы өзіңізге қажетті барлық ақпаратты аласыз деп және ортақ істің дамуы мен өркендеуіне мүмкіндік береді деп сенемін!


Құрметпен,

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің директоры
Досжанов Булат Әмзеұлы

 

 
 

 



Колледж

  Біздің колледж бүгінгі таңда Маңғыстау өңірінде көлiк саласы бойынша орта техникалық кәсiби бiлiмді мамандарды әзiрлеп жеткізуші жетекші жалғыз мамандандырылған колледж болып саналады.

Колледж туралы толығырақ


Колледж миссиясы

Қазақстан  Республикасының экономикасы мен өндірістік  салаларының деңгейін көтеруге қабілетті, БІЛІКТІЛІГІ МОЛ,  жоғары деңгейлі теория мен тәжірибеНІ МЕҢГЕРГЕН КӨЛІК салаларына қажетті бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Толығырақ


Байланыс

130000, Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы,

Актау қаласы, 9 шағынаудан, № 24.
Тел. 8 – 7292 436057
Тел факс: 8 – 7292 433084
e-mail ak_kazatk@mail.kz

 

Толығырақ

 

 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz