www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Талапкерлерге

Талапкерлерге


М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының

АҚТАУ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

 

БІЗ ТЕМІР ЖОЛ, СУ ҚҰБЫР КӨЛІГІ МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАР САЛАЛАРЫ БОЙЫНША

БІЛІКТІ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙМЫЗ

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының

АҚТАУ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білімді жаңа заман талабына сай көлік және коммуникация салаларына мамандар даярлайтын, өлкемізге танымал, сұранысы мол, жастар үшін беделді оқу орындарының бірі.

 

2011 жылы Ақтау көлік колледжі Мемлекеттік аттестациядан өткен оқу орны.

Бүгінгі таңда колледж:

♦ жоғары кәсіби педагогикалық ұжымы бар оқу орны. Колледж оқытушылары сабақ беру деңгейін және біліктілігін көтеру мақсатында әлеуметтік-гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, техникалық бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жасақтауда;

♦ оқу және әдістемелік, ақпарат жетістіктерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Қазақстанның барлық көлік колледждерімен мықты достық қатынасы бар оқу орны;

♦ қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған сапалы материалдық-техникалық базасы бар оқу орны;

-         Жабдықталған оқу кабинеттері, шеберханалар және зертханалар;

-         Үнемі жаңа әдебиеттермен толықтырылып отыратын 100000 бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана;

-         Қазіргі бағдарламалық материалдармен жабдықталған ғаламтор желісіне шығатын мультимедиялық және компьютерлік сыныптар оқытудағы оқыту процесіне инновациялық әдістер және технологиялар енгізуге мүмкіншілік береді.

Біздің колледж түлектері «бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында 2 жылдық қысқартылған бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар және оқу төлемақысына жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.

 

ОҚУ МЕРЗІМІ:

9 сынып негізінде: - техникалық мамандықтар бойынша- 3 жыл 10 ай;

                            - экономикалық мамандықтар бойынша- 2 жыл 10 ай.

11 сынып негізінде: - техникалық мамандықтар бойынша- 2 жыл 10 ай;

                              - экономикалық мамандықтар бойынша- 1 жыл 10 ай.

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1.      Аттестат (куәлік) қосымшасымен (түпнұсқасы);

2.      Сурет- 3х4- 8 дана., 4х6- 4дана.;

3.      Медициналық анықтама Ф-086 У;

4.      Егу картасы Ф-063

5.      СТН, ӘЖК -3дана. (көшірмесі);

6.      Жеке куәлік (туу туралы куәлік)- 3дана (көшірмесі);

7.      Белгіленген үлгідегі арыз.         

 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz