www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Талапкерлерге » Біздің мамандықтар

Біздің мамандықтар

1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (әр сала бойынша)»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник

Мамандықтың кәсіби объектілері: халықаралық және ішкі қатынас саласында, жолаушылар мен қызметтер көрсету жүк тасымалын  ұйымдастыру және басқа жұмыстармен айналысады.

Бұл маманның  кәсіби объектілері кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдары, көлік, сауда және өткізу кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес салаларындағы мекемелер, әртүрлі коммерциялық құрылымдар.

1203000 «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник

Мамандықтың кәсіби объектілері: халықаралық және ішкі қатынас саласында, жолаушылар мен қызметтер көрсету жүк тасымалын  ұйымдастыру және басқа жұмыстармен айналысады.

Техник –диспетчер, маневр диспетчері, төбешік кезекшісі, станция кезекшісі, парктер кезекшісі, пойыз құрастырушысы, 2-3 классты вокзал бастығы, жүк қабылдаушы- жіберуші, аға жүк қабылдаушы-жіберуші, билет кассирі лауазымдары бойынша қызмет ете алады.

1204000 «Су көлігін пайдалану (әр сала бойынша)»

Оқыту жылы: 2 ж. 6 ай – 11 сынып; 3 ж. 6 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник-кеме жүргізуші

Бітірушінің біліктілігі техник-кеме жүргізуші, мамандығымен қоса кеме қондырғыларын пайдалануды біліп шығу.

«Су көлігін пайдалану» мамандығы бойынша теңіз және өзен көліктері мекемелерінде кәсіптік қызмет көрсету саласында қызмет ете алады: кеме жүргізуді сауатты меңгеру, қауіпсіз жағдайда, апатқа ұшырамай жүзу, кемені, оның көмекші механизмдерін пайдалана білу, флот жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау.

1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник

Жоғары деңгейдегі жол инспекторының және орта буындағы техниктің кәсіптік қызметтерінің нысандары: автокөлік жолдарында және қалада жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық процесі, автокөлік мекемелерінде қозғалыс қауіпсіздігі жұмыстарын ұйымдастыру процесі, автокөліктердің сертификациясы, автокөліктің экологиялық қауіпсіздігі және апаттан кейінгі активті, пассивті зерттеу процестері. 

1303000 «Автоматика, телемеханика және көліктегі қозғалысты басқару (әр сала бойынша)»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник – электромеханик

 Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика, байланыс және сигнализация дистанцияларындағы СЦБ қондырғыларын жөндеу, қызмет көрсету жұмыстары үшін дайындалып шығарылады.

Практикалық жұмыстардан алған стажы негізінде - аға элктромеханик, аға техник, учаскі кезекшісі және цех бастығы лауазымдары бойынша қызмет ете алады.

1302000 – «Автоматтандыру және басқару»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: электромеханик

Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне және бақылау мен автоматика локалды жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, телеөндеу жүйелерінің микропроцессорлық, мини және микро-ЭЕМ, терминалды құрылғылары негізінде технологиялық процесстерді автоматтандырудың бақылау және автоматтандыру аппараттарын жөндеу, монтаждау, реттеу, баптау жұмыстарын атқарады, сонымен қатар басқа да салаларда арнайы орта білімі бар маман ретінде қызмет ете алады.

1107000 - «Көтергіш көлік, жол құрылысы көліктері мен жабдықтарын техникалық пайдалану»

Оқыту жылы: 1ж.10 ай – 11 сынып; 2 ж.10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник-механик

Жол көліктері мен механизмдерін қалыпқа келтіруші маманы әртүрлі құрылғылар мен жұмыс істеу принципін, осы механизмдер дайындалған материалдарын, құрылыс және жол машиналарын басқару құрылғыларын және көтергіш көлік, жол құрылысы көліктері мен жабдықтарының техникалық қызмет көрсетулер тәртібі мен периодтылығын меңгереді. Жол көліктері мен механизмдерін қалыпқа келтіруші мамандары көтергіш көлік, жол құрылысы көліктері мен жабдықтарын техникалық пайдалану жұмыстары үшін дайындалады.

Бұл мамандықты игеру және жұмыс тәжірибесін жинақтай отырып, өңдеу немесе пайдалану базасының бастығы, бас механик, өңдеу шеберханалары мен пайдалану учаскелерінің механигі және т.б түрлі қызметтерде еңбек ете алады.

1108000 «Темір жол жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық күту »

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: электромеханик

Мамандандыруы: «Тартқыш жылжымалы құрамдарғатехникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Техник-электромеханик темір жол көлігі бойынша тепловоздарды мен электровоздарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында еңбек етуге дайындалады.

Техник, шебер, бригадир қызметтерін атқарады. Белгілі бір еңбек стажынан өткеннен сон машинистің көмекшісі, машинист, нұсқаушы-машинист болып еңбек ете алады.

Мамандандыруы: «Вагондар мен жылжымалы рефрижераторлы құрлымдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, пайдалану». Бұл маманның  кәсіби объектілері кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес салаларындағы мекемелер, әртүрлі коммерциялық құрылымдар, сонымен қатар вагон деполары, техникалық көмек көрсету пунктері.

Аталған мамандықты игерген түлектер мына лауазымдар бойынша қызмет ете алады: техник, бригадир, шебер, вагон қабылдаушы, техникалық білім беру инструкторы, жолаушы пойызының бастығы, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы.

1201000 «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету»

Оқыту жылы: 2 ж. 6 ай – 11 сынып; 3 ж. 6 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник - механик

Бітіруші-түлектің қызмет ету объектілері жөндеу шеберханалары, автокөліктерді жөндейтін гараж қызметі,  автобус паркі мен такси паркінің жөндеу базалары, жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары, жүк тиеу-түсіру машиналары мен автокөліктерді жөндеу қызметі саналады. Электромеханик двигательді жөндейтін дәнекерлеуші, гараж меңгерушісі, техникалық қызмет көрсету механигінің көмекшісі, автокөлік бойынша электрик, жөндеу шеберханаларының шебері,  автокөлік бойынша механик және бас механик, машиналар коллонасының механик бақылаушы лауазымдарын атқара алады.

1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі:  техник-құрылысшы

Техник-құрылысшының кәсіптік қызмет обектілері: басқару органдары, құрылыс саласындағы мекемелер,ғылыми зерттеулер және жобалау институттары, құрылыс зертханалары,пәтер меншіктері кооперативтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес саладағы мекемелер, осы мамандық бойынша бітірушілер қызметінің мүмкіншілік сферасына  тікелей немесе жанама қатынасы бар әртүрлі құрамдар. Бітірушілер келесі кәсіптік іскерліктерді орындай алады;

-өндірістік-технологиялық; өндірістік басқару жұмыстары; конструкторлық жұмыстар.

1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»

Оқыту жылы: 2 ж. 6 ай – 11 сынып; 3 ж. 6 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник-жолшы, құрлысшы.

Қазақстан Республикасының темір жолдар жүйесіндегі темір жол табандарын жөндеу, қызмет көрсету және пайдалануда техник-жолшы, өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттары құрылысында-құрлысшы маманы дайындалады.

Техник-жолшы, құрлысшы маман бригадир, жол механигі, бөлім технигі, өнеркәсіп пен азаматтық ғимараттар бригадирі және шебері, сонымен қатар басқа да салаларда арнайы орта білімі бар маман ретінде қызмет ете алады.

Бұл маманның  кәсіби объектілері кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдары, көлік сауда және өткізу кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес салаларындағы мекемелер, әртүрлі коммерциялық құрылымдар.

0805000 «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»

Оқыту жылы: 2 ж. 10 ай – 11 сынып; 3 ж. 10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: техник-технолог

Түлектің кәсіби қызметінің объектілері оқу бітірушінің осы мамандық бойынша қызмет ету аясына тура немесе жанама қатысы бар басқармалар, кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестік және ғылыми зерттеу және конструкторлық- жобалау ұйымдары, көлік, сауда және өткізу  кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес профильді мекемелер, әртүрлі коммерциялық құрылымдар. Мұнайды дайындау және өндірістік күту бойынша басқару жұмыстары; насостық және компрессорлық стансалар; мұнай-газ сақтау орындары; газ-мұнай құбырлары мен сақтау орындарын күтуді басқару; мұнай-газ кәсіптері, тазалау қондырғылары; магистралдық құбырларда компрессорлық және қотару стансалары; қалалық сумен қамтамасыз ету желілері, газ-мұнай құбырлары кәсіпорындары.

0518000 «Есеп және аудит (әр сала бойынша)»

Оқыту жылы: 1ж.10 ай – 11 сынып; 2 ж.10 ай – 9 сынып

Біліктілігі: бухгалтер- ревизор

Бухгалтер  кең профильді  маман  болып табылады. Маманның кәсіптік  қызметінің нысандары болып экономикалық   жұмыстарды  ұйымдастыру ; төлемақыларды  санау  және мемлекеттік бюджетке төлеу; құрылысқа, бухгалтерлік есеп енгізу; кәсіпорынның  қаржылық  қызметі туралы  есепті белгілеу , компьютерлік  және есептеу техникаларын пайдалана білу болып бабылады. Бухгалтерлерді дайындау  аудит және есеп бойынша экономистік, бухгалтерлік қызметке жұмыс жасай алатын орта топты мамандарды шығару. Есептік бухгалтер, материалдық бөлім бухгалтері, кассир қызметінде   және тағы басқа жұмыс жасай алады.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz