www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Колледж туралы

Колледж туралы


     М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі – бұл теміржол, су, құбыр, автомобиль көліктері мен коммуникациялар салалары бойынша білікті мамандар дайындайтын мамандандырылған колледж.

      Біздің колледждің тарихы 2006 жылы «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау колледжі» филиалының құрылғанынан басталды. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау колледжі» филиалы «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС болып қайта құрылды.
Бүгінгі таңда аймақтың көлік салалары үшін орта техникалық кәсіптік білімді көлік мамандарын дайындайтын Маңғыстау облысы бойынша бірден-бір мамандандырылған колледж саналады.
     Қазақстан экономикасы үшін Ақтау теңіз порты арқылы жүк маршруттары санының өсуі, аймақта «Ақтау теңіз порты» ЕЭА  құрылуы, Қазақстан – Түркменстан – Иран бағытындағы жаңа темір жол құрылысының және халықаралық маңызға ие автомагистралдар құрылысының қайта салынуы Маңғыстау облысының көлік топтамасының рөлін күшейтті. Бұл колледжден қажетті мамандар дайындауға және оның келешектегі дамуында білікті кәсіп иесіне деген сұраныстың орындалысын қанағаттандыруды талап етеді. 

     «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ – «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің бірі.

     2013 жылдың 22 ақпанынан бастап «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің негізгі құрылтайшысы саналады.

 

       Бүгінгі таңда колледж

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 05 қаңтар 2010 ж. АБ № 0032378 сериалы мемлекеттік лицензиясы негізінде техникалық кәсіби оқытудың мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларын іске асырушы және 2016 жылдың ақпан айында Мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен оқу орны;

  • «Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2012» атты облыстық сайыстың жеңімпазы;
  • Студенттер құрамы жыл сайын өсіп отырған оқу орны;
  • Қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған сапалы материалдық – техникалық базасы бар оқу орны. Жабдықталған оқу кабинеттері, шеберханалар және зертханалар, жалпы білім беру және техникалық пәндерінен электрондық оқулықтар және 100000 бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана; қазіргі бағдарламалық материалдармен жабдықталған ғаламтор желісіне шығатын мультимедиалық және компьютерлік сыныптар оқыту үрдісіне инновациялық әдістер және технологиялар енгізуге мүмкіндік береді;
  • Жоғары кәсіби педагогикалық ұжымы бар оқу орны. Колледж оқытушылары сабақ беру деңгейін және біліктілігін көтеру мақсатында әлеуметтік-гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, техникалық бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жасақтауда;
  • Оқу және әдістемелік, ақпарат жетістіктерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Қазақстанның барлық көлік колледждерімен мықты достық қатынасы бар оқу орны;
  • Біліктілік көтеру және дайындау орталығында көлік салаларының орта буынды жұмысшы мамандықтары бойынша мамандар дайындау және біліктілігін көтеру, инженер-педагогтарды базалық білім беру бағыттары бойынша өндірістік орындарда стажировкадан өткізу, ТжКББ ұйымдарының оқытушылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің ақпараттық-коммуникативтік технологиялары бойынша біліктілігін көтеру орталығы бар оқу орны;
  • «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылар қызметіндегі инновациялық әдістер» атты Педагогикалық шеберлік мектебі бар оқу орны;
  • Колледж бітірушілерінің оқу орнын аяқтағаннан кейін оқуды М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында 2 жылдық қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыруға, оқуға маңызды жеңілдіктер және «бакалавр» академиялық атағын алуға мүмкіндігі бар оқу орны;
  • Кәсіби және техникалық білім берудің дамуына семинарларға және тренингтерге, көптеген мәжілістерге қатысушы, жеке меншік ұйымдардың Республикалық Ассоциациясының мүшесі саналатын оқу орын;
  • Халықаралық және республика ішілік іс сапарларға қатысу арқылы оқытушы мен студенттерге өзінің шығармашылық әлеуеттілігін белсенді дамытуға мүмкіндік беретін оқу орны.

    Үйлестіру жұмысы үшін колледжде Ғылыми Кеңес құрылған, ғылыми – әдістемелік жұмыстар көрмелері мен ғылыми – практикалық конференциялар өткізіледі. Студенттерге білім берудегі қажеттілікті дамыту және танымдық қызығушылығын көтеру мақсатында колледжде студенттердің ғылыми – практикалық конференциялары өткізіледі және де ең үздік студенттердің жұмыстары облыстық және қалалық конференцияларға қатысады.

      Колледжде 13 мамандық бойынша күндізгі және сыртай бөлімдерде оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

Білім деңгейі: орта техникалық және кәсіптік.

    Біліктілік: техник, электромеханик, техник-құрылысшы, техник-технолог, техник-механик, кеме механигі, есепші-тексеруші.

Колледж контингенті: күндізгі бөлімде – 901, сырттай бөлімде – 461.
      Оқыту мен тәрбиелеу үзіліссіз, сондықтан колледжде оқу-тәрбие жұмысы оқыту мен тәрбиелеуде жеке – бағдарлау үлгісін жүзеге асыруға бағытталған.

КОЛЛЕДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЖӘНЕ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАР


Колледжіміздің кәсіби деңгейде қалыптасуына білім саласында қандай келелі мәселелерді шешуде «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА» Ақтау көлік колледжі ЖШС-нің алғашқы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Е.Е.Қарсыбаевтың үлесі зор.
Е.Е.Қарсыбаевтың басшылығымен колледж негізі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ 2011 ж Қызылтөбе ауылында ашылған «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС Мұнайлы филиалының ашылып, қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып отырған 8 мамандыққа лицензия алынғанын айта кетсек болады.
Профессор Е.Е.Қарсыбаев өз тәжірибесінде оқытудың ең алдыңғы, озық әдістерін қолданып, студенттерді ғылыми-ізденіс жұмыстарына баулып отырады. Ол оқытушылардың өз сабақтарында жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдануларын талап етіп, ғылыми жұмысты қатар алып жүрулерін қадағалап отырды.
Е.Е.Қарсыбаевтың қолдауымен М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде жыл сайын «Көлік салаларындағы жаңа технологиялар» атты студенттік ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуі дәстүрге айналды. Бұл конференцияға тек қана Ақтау көлік колледжінің студенттері ғана емес, Маңғыстау облысы бойынша барлық колледждер мен лицейлердің оқушыларын қатыстыру алға қойылған.
Профессор  Е.Е.Қарсыбаевтың   техникалық  білімі  мен п едагогикалық  біліктілігі  Қазақстан Республикасының Білім  Министрлігі және  Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан жоғары бағаланды.

КОЛЛЕДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЖӘНЕ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАР


Роза Джалиловна Мусалиева – техника ғылымдарының кандидаты,  жоғары санатты арнайы пән оқытушысы, тәжірибелі жетекші, білікті ғылыми маман, практикалық және теориялық білігі жоғары педагог. 2009–2014жж. директордың оқу ісі бойынша орынбасары лауазымын атқару барысында колледждің оқу үрдісі жүйесін ұйымдастырылуына өз үлесін қосты. Р.Д.Мусалиеваның бастамасымен ТжКББ жетекші теміржол мамандықтары ашылды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша  «Үздік техникалық кәсіптік білім беру ұйымы – 2012» облыстық байқауында Ақтау көлік колледжі ІІ орынды иеленді.

Студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін Р.Д.Мусалиева  практика базаларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасады, сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу және әлеуметтік серіктестік бойынша аймақтық үш жақты комиссияның қатысушысы саналады. Бірнеше грамоталары мен ҚР БжҒМ, Маңғыстау облысы Әкімінің және әлеуметтік серіктестердің Алғыс хаттары бар. Колледжің оқу үрдісін үйлестірушісі және ұйымдастырушысы ретінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырды, шығармашылық топ құрды және «ATK KazATK NEWS» газетінің бас редакторы болды.

КОЛЛЕДЖДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЖӘНЕ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАР


Джандалиева Гулжамал Кисаевна – филолгия ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. 30-ға жуық ғылыми мақалалар мен ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы саналады. Олардың арасында «Сравнительно-типологические аспекты изображения природы в художественной литературе», «Стилистика русского языка»,  мазмұндамалар мен диктанттар жинағы, колледждің техникалық мамандықтары бойынша қазақ топтарының студенттері үшін  орыс тілін меңгертуге арналған әдістемелік нұсқау бар. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА –да 2007 жылдан бері, ал Ақтау көлік колледжінде 2009 жылдан бері жұмыс жасайды.

Колледжде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, «Жас мамандар мектебіне» жетекшілік етті. Тәжірибелі оқытушылармен бірлесе жас педагог-мамандар үшін  «Шебер сынып»  өткізді.

Үлкен ұйымдастырушылық қабілеті мен үздік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Грамотасымен, «Қазақстан Республикасының  білім үздігі» төсбелгісімен және 2012 жылы Маңғыстау облысы Білім Басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz