www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Шаралар күнтізбесі » Колледждің атаулы күндері

Колледждің атаулы күндері

12 


2 маусым 2017 ж.
Ағымдағы жылдың маусым айының 2-сі күні колледждің акт залында Ақтау көлік колледжінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Бала – деген Бір Бақыт!» - атты мерекелік шара ұйымдастырылған болатын.
қаралған: 73 енгізілген күні: 02-06-2017

01 маусым 2017 ж.
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжіне жіберілген 05.05.2017ж. №01-16/1636м хатына сәйкес Маңғышлақ учаскесі бойынша 40, Атырау учаскесі бойынша 29 колледж студенттері 3 айлық тәжірибеге жіберілді.
қаралған: 123 енгізілген күні: 01-06-2017

1 мамыр 2017 ж.
2017 жылдың 1 мамыр күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 15 ш/а «Виктория» қонақ үйіне қарама-қарсы теңіз жағалауында алғаш рет өткізіліп отырған «Қаздойбы» спорттық-зияткерлік дойбы ойынының тұсаукесері болып өтті. Жарысты Маңғыстау облысының білім Басқармасы, Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы және М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі ұйымдастырды.
қаралған: 112 енгізілген күні: 01-05-2017

17-21 сәуір 2017 ж.
«Құрылыс және тасымалдауды ұйымдастыру» бөлімшесінің ағымдағы жылдың жоспары бойынша 17-21-ші сәуір күндері «Көлік инфрақұрылымының дамуы-болашақтың жарқын кепілі!» тақырыбында апталық өткізді.
қаралған: 91 енгізілген күні: 17-04-2017

6-8 сәуір 2017 ж.
2017 жылдың сәуір айының 6-8 жұлдызында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының колледждері (Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау) арасында дәстүрге айналған «Студенттер көктемі – 2017» фестивалі «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Алматы көлік колледжінің» ұйымдастыруымен «Ел тірегі - жастар» тақырыбында өткізілді.
қаралған: 92 енгізілген күні: 06-04-2017

16 наурыз 2017 ж.
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні Әз - Наурыз мерекесі 16-17 наурыз күндері колледжімізде аталып өтті.
қаралған: 122 енгізілген күні: 16-03-2017

6 ақпан 2017 ж.
2017 жылдың ақпан айының 6 жұлдызында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі және облыстық кәсіптік және техникалық білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білікті маманды дайындаудағы педагогтің кәсіби ізденісі мен жаңашылдығы» атты облыстық әдістемелік семинар-практикум өтті.
қаралған: 163 енгізілген күні: 06-02-2017

16-20 қаңтар 2017 ж.
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің қаңтар айының 16.01-20.01. аралығында оқытушылардың әдістемелік шеберлігін шыңдау, кәсіби шеберлігін көрсету мүмкіндігін ескеру және кәсіби ортада іс-тәжірибемен алмасу мақсатында «Жаңаша оқыту - заман талабы» атты әдістемелік апталық өтті.
қаралған: 199 енгізілген күні: 16-01-2017

28 қараша 2016ж.
28 қарашада «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманға сай транспорттық технологияларының дамуы» апталығын өткізу аясында колледжімізде еңбек сіңірген спорт шебері, Рио-де-Жанейро-де өткен жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері боксшы Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетовпен студенттердің кездесуі өтті.
қаралған: 230 енгізілген күні: 28-11-2016

23 қараша 2016ж.
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында М.Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақтау көлік колледжінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен әскери-спорттық жарыс, кеңейтілген шара өткізілді.
қаралған: 182 енгізілген күні: 23-11-2016

30 қыркүйек 2016ж.
Қазанның алғашқы жексенбісінде мектептің жүрегі, ұрпақ тәрбиешісі - ұлағатты ұстаздар күні атап өтіледі. Ұстаздар күні – барлық мұғалімдердің, білім саласындағы қызметкерлер мен оқытушылардың кәсіби мерекесі. Осы атаулы мерекені Ақтау көлік колледжінде де атап өтті.
қаралған: 179 енгізілген күні: 30-09-2016

23 қыркүйек 2016 ж.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нургазиева Бану Ганиевнамен М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі оқытушылары, студенттері арасында кездесу өтті.
қаралған: 192 енгізілген күні: 23-09-2016

05 мамыр 2016 ж.
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжімен Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Табылды Әміровпен кездесу өтті.
қаралған: 215 енгізілген күні: 05-05-2016

11 мамыр 2014 ж.
«Техникалық және кәсіптік білімге дуалды оқыту жүйесін енгізудің жұмыс тәжірибесі» III Теміртау форумы
қаралған: 597 енгізілген күні: 11-05-2014

16-18 сәуір 2014 ж.
Студенттік көктем – 2014, колледждері арасында
қаралған: 645 енгізілген күні: 16-04-2014

09 Сәуір 2014 ж.
«Көлік саласындағы жаңа технологиялар» атты студенттердің V облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
қаралған: 514 енгізілген күні: 09-04-2014
1 желтоқсан 2013 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ
қаралған: 538 енгізілген күні: 02-12-2013

қараша 2013 ж.
АРМ-ВРЕСТЛИНГ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА
қаралған: 665 енгізілген күні: 25-11-2013

15 қазан – 04 қараша 2013 ж.
ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК АУДАРМАШЫ» БАЙҚАУЫ
қаралған: 601 енгізілген күні: 18-11-2013

28 қазан - 01 қараша 2013 ж.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» БАЙҚАУЫ
қаралған: 652 енгізілген күні: 04-11-2013



 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz