www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Біліктілік көтеру және дайындау орталығы » БКжДО туралы Ереже

БКжДО туралы Ереже

 

I. Жалпы ережелер

         Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуда бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлауда арнайы дайындалған педагогикалық құрам мен  өндіріске қажетті орта буынды мамандармен қамтамасыз ету қарастырылады.

Біліктілік көтеру және дайындау орталығы (БКжДО) мамандар даярлау бойынша Қазақстан Республикасындағы  білім беруді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қарастырады.

БКжДО оқытудың сапасын көтеруді және республиканың экономика салалары үшін мамандар дайындауды, оның ішінде  кәсіптік білім беру және көлік ұйымдарының орта буынды жұмысшылары,  педагогтар мен инженер-педагог мамандардың біліктілігін көтеру, дайындау және қайта даярлауда білім жетілдіру жүйесін жүзеге асырады.

         БКжДО өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқу-әдістемелік кабинетінің нұсқаулық хаттарын және аталмыш Ережені басшылыққа алады.

 

II. Мақсаттары мен міндеттері

         Мақсаты – мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, жүйелі түрде біліктілігін көтеру, дайындау және қайта даярлау жолымен өндіріске орта буынды мамандар мен кәсіптік колледждерге жоғары білікті педагогтар мен инженер-педагог мамандарды қамтамасыз ету.

Мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді шешу қарастырылады:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, орта буынды мамандар мен  педагог қызметкерлердің біліктілігін көтеру, дайындау және қайта даярлауда білім берудің бағдарламаларын жасақтау;

2. Оқу орындарының педагогикалық құрамының және көлік салаларындағы орта буынды мамандардың кәсіби деңгейін көтеру;

3. Біліктілік көтеру, дайындау және қайта даярлауда техникалық және кәсіптік оқытудың тиімді бағдарламаларын енгізу; 

4. Педагогтар мен инженер-педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру үрдісінде қазіргі алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізу.

 

III. Міндеттерді жүзеге асырудағы ұйымдастыру шаралары

Көлік салаларының орта буынды мамандары, педагогтар мен инженер-педагогтарды дайындау техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

БКжДО біліктілік көтеру және дайындауда төмендегі бағыттарды жүзеге асырылады:

1.     Көлік салаларының орта буынды жұмысшы мамандықтары бойынша мамандар дайындау және біліктілігін көтеру.  

2.     Инженер-педагогтарды базалық білім беру бағыттары бойынша өндірістік орындарда стажировкадан өткізу.

3.     ТжКББ ұйымдарының оқытушылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің ақпараттық-коммуникативтік технологиялары бойынша біліктілігін көтеру.

4.     Педагогикалық шеберлік  мектебі  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылар қызметіндегі инновациялық әдістер»

         Көлік салаларының орта буынды мамандарын дайындау және  біліктілігін көтеруде жалпы білім беру мектептерінің түлектері мен әртүрлі салалардың мамандары үшін тиімді даярлау жүйесі құрылған қысқа мерзімді курстармен жүзеге асырылады (қосымша 1).

 

         Арнайы пән оқытушылары мен инженер-педагог мамандарды салалық бағыттары бойынша стажировкадан өткізу, көлік мекемелерінде жаңа ғылыми-техникалық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа мәселелер бойынша жүзеге асырылады (қосымша 2).

 

Арнайы пәндер және инженер-педагог мамандардың біліктілігін арттыру (қосымша 3) оқу үрдісінде алдыңғы ақпараттық және коммуникативтік технологиялар негізінде пәнаралық байланыстарды анықтап, оларды практикада қолдана отырып, білім алушылардың инновациялық және шығармашылығын дамытуда  ІТ технологияларды енгізу және қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 

Жас оқытушылар мектебі тақырыптық және проблемалық семинарлар түрінде өткізіледі (қосымша 4), оның ішінде кәсіби қызметтік мәселелер бойынша  нормативтік және әдістемелік құжаттамаларды талқылап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сұраныстарына сәйкес, прогрессивті технологиялар мен техникаларды және қазіргі ғылыми жетістіктерді қолдана отырып, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан біліктілік көтеру.

 

IV. Біліктілік көтеру және дайындау орталығының тыңдаушылары

     4.1. БКжДО-на колледж директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлғалар, тыңдаушылар саналады.

        4.2. БКжДО тыңдаушыларының құқықтары мен міндеттерін колледждің ішкі тәртібі туралы Ереже мен Жарғы анықтайды.

        4.3. БКжДО тыңдаушыларының құқығы бар:

        -  білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға қатысу, жеке оқыту нысаны бойынша колледждің оқыту бөлімшелеріне сәйкес, келісім бойынша пәндерді таңдау;

        - БКжДО және колледж бөлімшелеріндегі кәсіби қызмет мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды, кітапхана мен колледж Жарғысы анықтаған басқа да бөлімшелердің қызметтерін пайдалану;

        - конференциялар мен семинарларға қатысу.

       4.4. БКжДО оқу курсын толық табысты аяқтаған тыңдаушыларға  мемлекеттттік үлгідегі төмендегі құжаттар беріледі:

        - 72 сағаттан жоғарғы көлемді бағдарлама бойынша тақырыптық және проблемалық семинарлардың жұмыстарына қатысқан немесе қысқа мерзімді оқу туралы  сертификат;  

       - 134 сағаттан жоғарғы көлемді бағдарлама бойынша оқу курсын толық табысты аяқтаған  тұлғалар үшін – біліктілік көтеру туралы куәлік.

 

V. Біліктілік көтеру және дайындау ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-оқытушылары мен

ИНЖЕНЕР-ПЕДАГОГТАР ҚҰРАМЫ

       5.1.  Мамандардың біліктілігін көтеру немесе қайта дайындау бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізу үшін колледждің жоғары білікті оқытушылары тартылады.  

        Штаттағы оқытушылармен қатар, БКжДО оқу үрдісін алдыңғы қатарлы оқу орындарының педагогтары және  мекемелердің жетекшілері мен мамандары сағаттық еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған.

         5.2. БКжДО оқытушылары білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға қатысу және оқу үрдісінде жоғары сапаны қамтамасыз етуде, жеке ерекшеліктеріне қарай, оқытудың құралдары мен әдістерін таңдау құқығы бар.

 

  VI. Біліктілік көтеру және дайындау Орталығы жекешісінің қызметтік міндеттері

БКжДО жетекшісі білім беру туралы зандылықтары мен колледж директорының өкімдері мен бұйрықтары негізінде ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және практикалық оқытуда басшылықты жүзеге асырады.   

       Оның қызметтеріне кіреді:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру аясында тыңдаушыларға бекітілген оқу үрдісіндегі мерзімді оқу жоспарларына сәйкес қажетті ақпараттарды жеткізу саясатын жүзеге асыру.

2. БКжДО оқу үрдісін ұйымдастыруда заңдылықтар тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. 

3. Колледж бөлімшелерімен бірлесе тыңдаушылар әртүрлі категориясына лайықты біліктілік көтеру курстарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасақтау.

4. Тыңдаушыларды қайта даярлауда кәсіби біліктілігін көтеруде оқу сабақтарын жүргізудің түрлері мен әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.

5. БКжДО оқу үрдісіне қажетті әдістемелік, нормативтік әдебиеттерді және оқу-әдістемелік құжаттарды сатып алу және көбейту үшін сұраныстар жасақтау.

6. БКжДО  қызметі туралы есептерді дайындап, директорға, оқу ісі бойынша директор орынбасарына тапсыру; біліктілік көтеру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды (сертификаттар, куәліктер) алуға ұсыныстар беру.

7. Мамандардың біліктілігін көтеру және қайта дайындауда бейініне сәйкес, оқу үрдісін ұйымдастыруда бақылауды жүзеге асыру.

8. Колледждің профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау.

9. Оқу ісі бойыншща директоры орынбасарымен бірлесе, БКжДО сабақтарын жүргізуге профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастыру.

10. Профессорлық-оқытушылар құрамының жұмыс ахуалын жақсартуға жағдай жасау.

        11. Қосымша кәсіби білім беру аясында қызығушылық танытқан колледждермен әріптестікті және басқа да оқу орындарымен байланысты нығайту үшін жұмыстарды ұйымдастыру. 

        12. Колледждің БКжДО қызметі туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Жарнама материалдары, проспектілер, сауалнамалар, есептер дайындау.  

        13. Кәсіби қосымша білім беруді дамыту мәселелері бойынша «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ факультеттерімен, колледждерімен және де шетелдік оқу орындарымен байланыста болу.

          14. Тыңдаушылардың оқу төлемақысына бөлінген қаражат көздеріне бақылауды жүзеге асыру.

           15. БКЖДО жұмыстарын үйлестіру.

 

VII. Біліктілік көтеру және дайындау ОРТАЛЫҒЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ

        Мамандарға қойылатын талаптар: колледж бейіні бойынша жоғары білім, БКжДО-да жұмыс жасай білу, еңбек шартының негізінде қабылданады.  БКжДО маманы оқу үрдісін және іс жүргізуді әдістемелік тұғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандардың жұмыстары үшін бақылауды және басшылықты БКжДО жетекшісі жүзеге асырады.

        Маманның міндеттеріне кіреді:

        1. Оқу орындары мен  басқа да қызығушылық танытқан мекемелермен  өзара әріптестік туралы келісім-шарттың жобаларын дайындау.

        2. БКжДО оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау.  

        3. Оқу бағдарламалары, өкімдер, баяндау хаттары, есептер, жиынтық нәтижелер мен әдістемелік құралдарды шығару.

        4. Шығыс және кіріс құжаттарды тіркеу. Бекітілген іс номенклатурасына сәйкес, БКжДО іс жүргізуді жүргізу.

       5. Шығыс және кіріс құжаттарды өз уақытында қабылдап, тиісті тұлғаларға жеткізу және орындалысын бақылау.

     6. Біліктілік көтеру курстарын, семинарларды өткізуде ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру: тыңдаушыларды тіркеу, сабақ кестесін құру, сабаққа қатысын бақылау.

        7. Тыңдаушылардың оқу төлемақысы туралы мәліметтерді уақытында тіркеу.

        8. Жарнама құжаттарын дайындауға атсалысу.

      9. Қажетті құжаттарды, бланкілерді, анықтамаларды, емтихан ведомостілерін типографиялық жолмен көбейтуге сұраныстарды уақытында беру.

     10. Біліктілік көтеру туралы тыңдаушыларға берілген құжаттардың бланкілерін есепке алуды қамтамасыз ету. 

        11. БКжДО жетекшісіне БКжДО жұмысы туралы есептерді және қажетті анықтама ақпараттарды уақытында беру. 

       12. Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру жоспарының орындалысын есепке алу.      

        13. БКжДО құжаттарын мұрағатқа дайындау және өткізу.

        14. БКжДО барлық тапсырмаларын орындау.

 

 VIII. Біліктілік көтеру және дайындау орталығының қызметіне бақылау

        БКжДО біліктілік көтеру және дайындау қызметін колледж директорының бақылауымен жүзеге асырылады.

 

Қосымша 1

Жұмысшы мамандықтар бойынша орта буынды мамандардың біліктілігін арттыру және дайындау

Мамандықтар атауы

Оқыту мерзімі (ай)

1.

Тепловоз машинисінің көмекшісі

10

2.

Жолаушылар поездінің жолсерігі

3

3.

Станция кезекшісі

3

4.

Жүктерді қабылдап-тапсырушы

1

5.

Тауар кассирі

1

6.

Жылжымалы құрамды өлшеу бойынша техник

1

7.

СОБ және байланыстар электромеханигі

6

8.

Жол монтері

1

9.

Тасымал құжаттарын өңдеу бойынша оператор

1

10.

Поезд құрастырушы

1

11.

Вагондарды қараушы

3

12.

Өткел кезекшісі

1

 

 

 

13.

Вагондарды жөндеуші-қараушы

2

14.

Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі

1

 

Қосымша 2

Арнайы пән оқытушылары мен инженер-педагог мамандарды салалық бағыттары бойынша стажировкадан өткізу

Мамандықтар атауы

Оқыту мерзімі

(ай)

Сағат саны

1.

Тасымал құжаттарын өңдеу бойынша оператор

1

132

2.

Тауар кассирі

1

132

3.

Станция кезекшісі

1

132

4.

Вагондарды қараушы

1

132

5.

Радиобайланыс электромеханигі

1

132

6.

СЦБ электромеханигі

1

132

7.

Жол монтері

1

132

 

Қосымша 3

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша ТжКБ оқытушылары мен инженер-педагог қызметкерлердің

біліктілігін көтеру

Мамандықтар атауы

Оқыту мерзімі

(ай)

Сағат саны

1.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен электронды оқулықтавр құру

 1

72

2.

Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану  (кредиттік технология бойынша)

2 апта

72

3.

AUTOCAD

1

60

4.

1 С Бухгалтериясы (7, 8 версия)

1

72

 

Қосымша 4

Педагогикалық шеберлік мектебі

Мамандықтар атауы

Оқыту мерзімі

(ай)

Сағат саны

1.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылар қызметіндегі инновациялық әдістер

2 апта

46

 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz