www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Оқу-әдістемелік жұмыстар » «ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ» БӨЛІМШЕСІ

«ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ» БӨЛІМШЕСІ

Бөлімшенің негізгі міндеттері:











 

- Техникалық-кәсіптік мамандарды даярлау және олардың бәсекеге қабілеттілігі сапасын арттыру;

-  Дуалды оқыту технологиясын эксперименталды енгізу;

- Педагог-инженердің әлеуметтік статусын көтеру, білім беру жүйесін тиісті мамандармен қамтамасыз ету;

- Жергілікті жұмыс беруші мекемелер мен әлеуметтік серіктестікті дамыту, тұрақты байланыс орнату;

- Арнаулы пәндер және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды   ұйымдастыру;

- Оқу тәрбие үрдісін мониторингілеу.

    

 

    

    

     «Құрылыс және автоматтандыру» бөлімшесі темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы және жол қозғалысын ұйымдастырушы мамандарын дайындаумен қатар, Темір жол қозғалысында автоматика телемеханиканы басқару мамандарын  дайындайды. Колледжде «Ұстаз шеберлігі – шығармашылық қызметтің негізі» атты шығармашылық топ жұмыс жасайды. Топтың өзекті тақырыбы:"Дуалды оқыту технологиясын енгізе отырып, студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру" Мақсаты: Оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, дуалды оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жетілдіру. Шығармашылық топтың бағыттары:

·         Тәжірибелік

·         Эксперименталды

·         Ғылыми – зерттеу

·         Инновациялық жобалау

    

 

     Студенттердің білім мен ғылымның әртүрлі салаларында  қабілеттерін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Дәрісханалар мен мамандандырылған зертханалар компьютерлермен, мультимедиялық жабдықтармен жасақталған.

     Бөлімшенің педагогикалық ұжымында  жоғары, бірінші және  екінші санатты оқытушылардың сапалық  құрамы  81% құрайды. Сонымен қатар, ЖОО-нан кейін келген жас оқытушы инженер-оқытушылар да жұмыс жасайды.

     Студенттер жалпы білім беру пәндерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылым салаларынан сусындап, коммерциялық қызмет ерекшеліктерін үйрене отырып, менеджмент, маркетинг пен құқық, халықаралық тасымалдау және әртүрлі көлік түрлерінің өзара байланысы туралы кеңінен білім алады. Әрбір студенттің бағдарламалау дағдысын қалыптастыруға, тасымалдау үрдісінде жаңа технологияларды ұсынуға және ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация  құралдарын жасақтауға қатысу мүмкіндіктері де бар.

    

     Бөлімшенің түлектері теміржол салаларында басқару қызметтерін атқарумен қатар, теміржол көлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын бірлестіруге бағытталған. Бұл қызметтерді табысты атқару үшін терең білім негіздерімен қарулану керек. Ең алдымен теміржол көлігінің негізгі буыны: теміржол желілерімен көлік саласындағы тасымалдауды ұйымдастыру және басқару үрдістерін білу керек.

     Дуальды оқыту жүйесі 2012-2013 оқу жылынан бастап «1203000-Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша экспериментальды түрде енгізілді.

     Бөлімше оқытушылары студенттерге дәріс беруде қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман даярлау барысында жаңа технологияларды қолдануды басты орынға қойған. Аудиториялардың барлығы проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықталып, компьютерлерге жаңа бағдарламалар енгізу жолға қойылған.

     Оқу үрдісін ұйымдастыруда теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы студенттердің білімін жетілдіру, мамандыққа деген қызығушылығын тудыру арқылы құзіретті маман қалыптастыру жолға қойылған. Сонымен қатар, әлеметтік серіктестік мекемелермен тығыз байланыс арқылы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы жолға қойылған, атап кететін болсақ: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ,  «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалы, «ВиражСервисАктау» ЖШС, «Суюндыков»ЖК,  «БИКО» ЖШС, «Асима»  ЖШС,  «Стройдеталь - Проект» ЖШС, «Мангистауские  Строительные  Возможности» ЖШС, «КаскорТрансСервис» АҚ , «Сенімді» ЖШС.

БӨЛІМШЕ МАМАНДЫҚТАРЫ




                                            

0518000 – Есеп және аудит

1303000 – Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару

1206000 – Жол қозғалысын ұйымдастыру

1409000 – Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

1302000 – Автоматтандыру және басқару

 

1302000-Автоматтандыру және басқару (1302023- Электромеханик)



    

     1302023 технологияның үрдістерін автоматтандыру және басқару электромеханигі – адам қызметінің әдіс-тәсілдерін, алгоритмдік, аппараттық және бағдарламалық жүйелерді қамтамасыздандыру, жылжымалы объектілерді басқару мен бақылау, технологиялық сызықтар мен процестерді біріктіретін, қабылдау, өңдеу, энергияны жіберу мен пайдалану, материалдармен ақпараттарды адамның тікелей қатысынсыз жүзеге асыратын ғылым және техника саласы.

0518000 - Есеп және аудит (біліктілігі: 0518023- есепші - ревизор)



    

     Есепші-ревизор – ұйымның құқықтық формасына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, міндеттер мен бухалтерлік есепжәне мүліктік талдау бойынша кәсіптік қызметке дайындалған маман.

1206000-Жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша



    

     Кәсіби сферасы - көлікте қозғалысты ұйымдастырумен, көлік құралдарының қозғалысын жобалау және модельдеумен, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент негізінде жұмысты пайдалануды ұйымдастыру заңнамалары және процестерін зерттеумен байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған адами іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдері, құралдары жиынтығынан тұратын материалдық өндіріс; логистикалық принциптер негізінде көлік түрлерінің өзара байланысы және тасымалдау процестерін, нарықтық экономика жағдайында көлікті пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу, іс-әрекеттерін жетілдіру.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz