Бәсекеге қабілетті, сапалы білімді маман дайындауда, колледж бойынша жетекші орында келеді.
Мақсаты:
1. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру бағыты бойынша жұмыс жасау.
2. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің жоспарына сәйкес іс шараларды іске асыру барысында білім берудің сапасын жетілдіру.
Міндеті:
1. Жаңа оқу жылына бөлімше құрамын бекітіп, оқытушыларды оқу жүктемелерімен қамтамасыз ету; оқытушылардың білім және ғылым саласындағы кәсіптік дайындығын көтеру мақсатында жоспар бойынша біліктілігін арттыру.
2. Бөлімше мамандықтары бойынша оқытушылар көмегімен қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралы, оқу - әдістемелік кешендер санын көбейту.
3. Жүйені нәтижелі басқару негізінде жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етіп, инновациялық білім технологиялары, ғылыми және оқу-өндірістік салаларымен тығыз байланыста болып, маңызды ғылыми оқытушылық біліктілікпен дамыған материалдық-техникалық базаны енгізу.
4. Техникалық және кәсіптік жұмысшы кадрлары мен мамандарын даярлау проблемалары, олардың үздік еңбектерін насихаттау барысында студенттермен, еңбек ардагерлерімен кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру.
5. Жұмыс беруші мекемелердің қатысуымен студенттерді бірнеше біліктерді игеруін көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің мемлеттік жалпыға міндетті стандарттын мамандықтар бойынша жаңа талапқа сай модульдік жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну.
6. Колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, арнайы пәндері кабинеттерді, оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын, қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жаңарту.
7.Арнаулы пәндер және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Бөлімшенің негізгі бағыттары:
1.Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімше тәртібіне сай пәндердің үнемі әдістемелік деңгейін жетілдіріп, оқу процесін толық көлемде қажетті ақпараттық дерек көздерімен қамтамасыз ету.
2. Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімшесінде жоғары білікті педагогикалық және ғылыми кадрлардың қалыптасуына, олардың жеке және кәсіптік шеберлігін шындау үшін жағдай туғызу.
3. Қоғам және нарық заманына сай кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа нәтижелі технология әдістерін, мысалы: ақпараттық, дидактикалық, пікір –талас, ой алмастыру т.б әдістерді енгізу.
4. Жыл сайын ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, ғылыми және кәсіби-іскерлікке байланысты көкейтесті сұрақтарды талқылау.
Бөлімше оқытушыларының сапалық құрамы: Жоғары санатты 3 оқытушы, бірінші санатты 6 оқытушы, II санатты 7 оқытушы, 2 магистр еңбек етуде. Жоспар бойынша біліктілікті жетілдіру мақсатында бөлімше оқытушыларын өндірістік, облыстық білім беру мекемелерінен курстан өткізу көзделіп отыр.
Техника мен технологияның заманауи жетістіктеріне негізделген бұл мамандықтар еліміздің экономикасы мен ғылыми әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқарады. Колледжде нақты білім алуды өндірістік кәсіпорындарда кәсіби тәжірибемен ұштастыру негізінде игерілген мамандық иесі бола отырып, шәкірттер бүгінгі таңдағы еңбек нарығындағы сұраныстың талаптарына сәйкес дайындалу мүмкіндігіне жол ашылған.
Қазірдің өзінде «ҚТЖ»ҰК АҚ «Маңғыстау пайдалану депосы» филиалы, «КТЖ ҰҚ» «Маңғыстау вагонды пайдалану депосы №33» және ЖШС «Ақтау-Вираж»оқу-өндірістік кешендерінде арнайы дайындықтан өту, әрбір маманның қабілеті мен дағдысын қалыптастырып, тікелей жұмыс орнына жолдама беру іске асырылған.
Поезд қозғалысын басқару мен қауіпсіздікті қамтамсыз ету және теміржолдарының қажетті өткізгіш қабілетін меңгеруге мүмкіншіліктері зор. Сондай-ақ, автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету станцияларында тәжірибеден өту арқылы мамандығын толықтай меңгеріп, өз білімі мен дағдысын пайдалануға толық мүмкіндік бар.
Облыстық Ішкі Істер департаментінің Жол полиция басқармасының сұранысы мен келісімге сәйкес дайындалып жатырған шәкірттеріміздің көпшілігі қазірдің өзінде осы мекемеде нақты жұмыс орындарында кәсіби тәжірибеден өту үстінде. Студенттердің тәжірибелік дағдыларын меңгеру үшін әлеуметтік серіктестіктер мен колледждің материалдық-техникалық базасын қазіргі оқыту жабдықтарымен нығайту мақсатында әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарт жасалды, кәсіпорындары практиканттарға жұмыс орнын және бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Сол арқылы, колледж шәкірттері оқу орнының қабырғасынан шығысымен өндіріске араласады, яғни еліміздің жұмысшы кадрларының қатарын толықтырады.Бөлімшенің негізгі ерекшелігі жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған оқу кабинеттері, тәжірибелі және жоғары білімді ұстаздар, оқу үрдісінің жүргізілуіне қойылатын қатаң тәртіп пен айырықша талап, бітірушілерге теориялық және тәжірибелік көмек көрсету, тұрақты жолға қойылған.
Біз дайындайтын мамандықтар:
1108000-Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету
1201000- Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
1203000- Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|