www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » «БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ

«БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ



     

     М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі 2010 жылдан бері БанкЦентрКредит филиалы мекемесімен және оның  директоры Мусаханов Турганбай Сериковичпен ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт негізінде бірлесе жұмыс істеп келеді.

     «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамы – бұл Қазақстан Республикасындағы  ғана емес, халықаралық деңгейдегі беделді ықпалды қаржылық институт. Банк Қазақстан Республикасы барлық аймақтарында қызмет жасайды және өздерінің тұтынушыларына жоғары деңгейдегі қаржылық қызмет көрсетеді. 100 ден астам бөлімшелерімен филиалдарында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп, республика бойынша кең таралған жеке филиалдық жүйесі бар банктердің бірі.

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР еңбек туралы», «ҚР әлеуметтік серіктестер туралы» заңының негізінде БанкЦентрКредит техникалық және кәсіптік білім беру саласының 0518000 – Есеп және аудит мамандығы бойынша мамандарды даярлаумен дамытуға белсене ат салысуда.

     Студенттер өндірістік тәжірибе өту барысында банктердің қолданатын жоғарғы технологиялары арқылы, өздерінің  оқыған теориясымен тәжірибені ұштастыра отырып, банктегі төменде көрсетілген операциялармен қызметтерді жақсы меңгереді: 1. Депозиттер (клиенттермен жұмыс істеу, депозиттердің түрлері, артықшылықтары); 2. Есепшот ашу (клиенттермен банк арасындағы келісім шарттармен жұмыс жасау); 3. Төлемдік карточкалар (карточкалардың түрлері, карточкалардың артықшылықтары, карточкаларды ашу және жабу); 4. Ақша аударымдары (жылдам және сенімді ақша аудару жолдарын меңгеру); 5. Кредиттеу; 6. Қаражаттарды жинақтау және инвестициялау т.б.

     «БанкЦентрКредит»  АҚ филиалы келісім шарт бойынша сапалы оқу-өндірістік тәжірибеден өту үшін 2-3 курс студенттерін қалалық бөлімшелерінен 3-5 жұмыс орнымен қамтамассыз етеді. Банктегі бекітілген  сан басты тәжірибелі мамандардың қолдауымен студенттер тәжірибе барысында бағдарламалармен, банктік операция түрлерімен, есептермен жұмыс жасауды жақсы меңгереді.

     Банк практиканттар арасынан өз мамандықтарын жақсы меңгерген, белсенді, еңбекқор деген студенттерді әрі қарай жұмысқа орналасу үшін тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2012-2013 оқу жылында осы көрсеткіштердің нәтижеси бойынша, оқу-өндірістік тәжірибеден кейін колледждің 3 түлегі  Маңғыстау облысы Ақтау қаласының АҚ «БанкЦентрКредит» филиалы бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылды. 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz