www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «МАҢҒЫСТАУ ЖОЛ БӨЛІМШЕСІ» ФИЛИАЛЫ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «МАҢҒЫСТАУ ЖОЛ БӨЛІМШЕСІ» ФИЛИАЛЫ





     

     Маңғыстау жол бөлімшесі Қазақстан Республикасының көлік саласы дамуында маңызды ролге ие. «Өзен-Туркменстан» жол жобасын, Бейнеу – Жезқазған темір жол құрылысының салынуы мемлекетіміздің сенімді көлік логистикасын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, осындай жобалар жедел қарқынмен жүргізілгендіктен, жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа темір жол станциялары іске қосылып,  жергілікті тұрғындарға арналған тұрғын үйлер мен мектептер іске қосылуда. 

     Маңғыстау арқылы өтетін темір жолдар құрылысы облыс үшін тиімді. Қазіргі кезде Бейнеу-Ақтау  автокөлік жолдары құрылысының қарқынды салынуы, теңіз көліктерін тасымалдауды жүзеге асыру шаралары да аймақтың көлік саласының дамуына негіз болады. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген жол құрылыстары Маңғыстау өлкесін жол тасымалын ұйымдастырудың ірі орталығына айналдырады.

     2015 жылдан бастап, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалының директоры Губашов Нажимедин Бақтығалиұлымен бірлесіп жұмыс атқаруда.

     Маңғыстау жол бөлімшесі колледждің материалдық-техникалық  базасын нығайтумен қатар, 2-4 курс студенттерінің оқу-өндірістік тәжірибеден өтуі үшін 75 жұмыс орнын ұсынады, шебер-тәлімгерлер көмегімен арнайы жұмыс орындарында тәжірибелік сабақтардың  өтуін қамтамасыз етеді.

    2012-2013 оқу жылы 3 инженер-педагог жұмысшылардың көмегімен өндірісте тағылымдамадан өтті. Маңғыстау жолдары бөлімшесі мамандары жыл сайын колледж студенттерінің дипломдық жобасына жетекшілік етеді. Жұмысшы кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесі меморандумын жүзеге асыру  аясында  Астана қаласында «Самұрық - Қазына» ҰКҚ, ҚР Білім министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» арасында үш жақты келісімге қол қойылды. 

     2013 жылы бөлімшенің 8 түлегі көліктегі жаңа технологиялар орталығынан біліктілік көтеру курстарынан өтіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында жұмысқа орналасты. Сонымен қатар дуалды оқыту жүйесі бойынша Маңғыстау жол бөлімшелерімен Келісімге отырылды, бұл келісім шарттың  мақсаты - теміржол саласында тек теориялық жағынан жан-жақты дайындалған маман ғана емес, практикалық біліктілігі  жоғары,  бәсекеге қабілетті еліміздің көлік потенциалын  көтеретін маманмен қамтамасыз   ету.

    Бір мақсатқа бағытталып бірлесе атқарған іс-шаралар технологиялық және дипломалды практикаларды өткізуге және колледж студенттері кәсібі мен мамандығы бойынша үйренген білімін тәжірибеде көрсетуге, кейіннен жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Жүктеуге арналған файлдар

   жуктеу



 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz