www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » «ҚТЖ» ҰК АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ «ҚАМҚОР» «ЛОКОМОТИВ» ЖШС

«ҚТЖ» ҰК АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ «ҚАМҚОР» «ЛОКОМОТИВ» ЖШС





     

     Қазіргі уақытта «Қамқор» Локомотив жөндеу депосында жаңа техника мен технологиялар кеңінен енгізілуде. Осы мақсатта біздің оқытушыларымыз жаңартылған тепловоздардың техникалық құжаттарын, құрылысын, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үрдістерін теориялық тұрғыда  студенттерге  терең оқытады. Сол себепті М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі, студенттердің колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін өндірістегі тәжірибемен ұштастыру мақсатында, өндіріс мекемелерімен ұйымдастырылған серіктестіктердің жұмысына кеңінен көңіл бөлуде. 

      Соның ішінде, 1108000 – «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 2011 жылдан бастап оқытылатын студенттер үшін ҚТЖ ҰК АҚ, «Қамқор локомотив»  мекемесі мен колледж арасындағы келісім шарт құрылды, «Қамқор локомотив» басшысы Уразов Өтеген Кемалович. Яғни, аталмыш мамандық студенттері өндірістік, технологиялық және дипломалды тәжірибелерін толықтай осы мекемеде өтеді.

    Болашақ сапалы мамандар дайындығы жолында осындай серіктестіктердің маңызын жақсы түсінеді, қажетті мамандарын осы колледж түлектерінің арасынан таңдау жолға қойыла бастады. Оған себеп, 2012-2013 оқу жылының соңында колледждің 5 түлегі Атырау темір жолына, бесеуі Маңғышлақ-Алматы бағыты бойынша жолсерік қызметіне орналасып, еңбек етіп жатыр. Мұндай үрдістер болашақта да жалғаса береді деген сенімдеміз.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz