www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы»





     М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі 2009 жылдан бері «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы мекемесімен және оның  директоры Дюсалиев Болат Аманжолұлымен ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт негізінде бірлесе жұмыс істеп келеді.

     Қазіргі таңда М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі 2015 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы мекемесінің директоры болып Габит Саясатұлы Жумасеитов басқарады және №52, 13.10.2015ж. шектеусіз келісім шарт негізінде серіктестік ынтымақтастығымыз ары қарай жалгасуда.

   Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы колледждің материальдық-техникалық базасын нығайтуға белсене атсалысуда, атап айтқанда электромонтажды шеберхана жасақтады және ақысыз негізде колледж оқушыларына көрнекілік ретінде макеттер құрастыруға арналған деталдар мен жабдықтар және «Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарына техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындауға арналған анықтамалық әдебиеттер мен жаңа технологиялар бойынша жабдықталған электронды  бағдарламалар берілуде.

     Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы 2-4 курс студенттерінің сапалы оқу-өндірістік практикадан өтуі үшін 55 жұмысшы орнын ұсынды, ал практикалық сабақтар бекітілген тәлімгер-шеберлерімен бірге орталықтанған байланыс оқу Полигонында өткізіледі.

      Колледждің  бітіруші студенттері Астана қаласындағы Көліктегі жаңа технологиялар Орталығында дайындық курсынан өтіп өндірістік тәжірибеден кейін Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысының жол бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады.

    Жыл сайын Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясының мамандарын оқытушылық қызметке және дипломдық жобалаудың жетекшілігіне тартылуда.

     Қазіргі уақытта теміржол саласына мамандар дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында дуальдық оқыту жүйесі бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты еліміздің теміржол саласының деңгейін көтеретін, жоғары теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгерген бәсекеге қабілетті теміржолшы мамандар дайындау саналады.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz