www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » Практика базалары мен әлеуметтік серіктестіктер

Практика базалары мен әлеуметтік серіктестіктер

Әлеуметтік серіктестіктер


 

 

 

 

   

 

 

 

     

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

   

 

     Ақтау көлік колледжі Маңғыстау облысының көлік салалары үшін кәсіби білікті мамандар дайындау мақсатында 22 көлік мекемесімен ынтымақтастықта. Колледж студенттері заманауи технологиялармен жабдықталған аталған мекемелерде тегін өндірістік-технологиялық практикадан өтеді.

     Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалдарымен бірлесе «Кәсіпітік білім беру мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы» іс-шаралар Жоспары жасақталды.

     Колледж жыл сайын өтетін «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» аттыоблыстық және республикалық форумға белсене қатысады. Форумда М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары арасында әлеуметтік серіктестік туралы Келісімге қол қойылды және дуальды оқыту жүйесін ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыстар жүргізілуде.

    Астана қаласында ҚР Президентінің Әкімшілігі мен  ҚР Үкіметінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, салалық министрліктер мен ведомостілердің, аймақтық және салалық кеңестің жетекшілері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан «Кәсіптік білім және бизнес:  Әріптестер сұхбаты» атты ІV Халықаралық Форумда Маңғыстау облысы бойынша М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің серіктесі, «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ «Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы«Ең үздік әлеуметтік серіктес – 2012» номинациясымен марапатталды.

     Меморандумды жүзеге асыру аясында Астана қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Самұрық – Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ жұмысшы мамандарды оқытуда дуалды оқыту жүйесін енгізу  үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС арасында ынтымақтастық және одан әрі жұмысқа орналастыру туралы 3 жақты келісімге қол қойылды

     Колледждің  28 студенті Астана қаласындағы Көліктегі жаңа технологиялар Орталығында дайындық курсынан өтіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылды.

   Бір мақсатқа бағытталып бірлесе атқарған іс-шаралар технологиялық және дипломалды практикаларды өткізуге және колледж студенттері кәсібі мен мамандығы бойынша үйренген білімін тәжірибеде көрсетуге, кейіннен жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

     Жыл сайын кәсіпорын басшыларының шақыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Колледж түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Маңғыстау облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру Басқармасымен бірлесе жұмыс жасайды. 

    2012-2013 оқу жылында колледжді 191 түлек бітірді, өндірістің әртүрлі көлік сферасының бос әлеуметтік жұмыс орындарына 115 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылса, 28 түлек ЖОО-на оқуға түсті.

     2013-2014 оқу жылында колледжді 297 түлек бітірді, өндірістің әртүрлі көлік сферасының бос әлеуметтік жұмыс орындарына 188 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылса, 27 түлек ЖОО-на оқуға түсті.

     2014-2015 оқу жылында колледжді 415 түлек бітірді, өндірістің әртүрлі көлік сферасының бос әлеуметтік жұмыс орындарына 174 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылса, 68 түлек ЖОО-на оқуға түсті.

     2015-2016 оқу жылында колледжді 268 түлек бітірді, өндірістің әртүрлі көлік сферасының бос әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылса, 32 түлек ЖОО-на оқуға түсті.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz