www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Ынтымақтастық » «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ»ҰК» АҚ ФИЛИАЛЫ «МАҢҒЫСТАУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫ»

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ»ҰК» АҚ ФИЛИАЛЫ «МАҢҒЫСТАУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫ»



     

     Темір жол құрылысы кең профильді маман болып табылады және темір жолдың ағымдық күтімін, жолды жөндеудің барлық түрлерін, темір жол торабының жұмысын жетілдіру бойынша іс-шараларды, жол шаруашылығын басқару мен ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

     2009 жылдан бастап «Ұлттық Компания «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы Маңғыстау жол дистанциясы мен «М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің» арасында ынтымақтастық серіктестік мақсатты келісім шартқа отырып,қазіргі таңда жұмыс жасап келеді.

     «Маңғыстау жол дистанциясы» басшысы Курбанов Бакберген Жоломанұлының қосқан үлесі өте зор десекте болады. Атап айтсақ колледж ғимаратының жанына полигон аймағын жасап, зертханалық кабинеттің құрал-саймандарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар студенттердің практикалық білімін кеңейту,жетілдіру мақсатында материалдық техникалық базаны салуға ат салысты, оны өз жоспарларына енгізіп отыр. Қазіргі таңда М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі білікті де білімді маман шығаруға мақсат етіп келеді. Жол дистанциясынан алынған ақпараттарды теория мен практиканы байланыстыра отырып, жаңа технологиялық әдістерді ұштастырып сабақ жүргізеді. Қазіргі таңда «Өзен – Түркменстан» жобасының жүзеге асырылуы, Бейнеу – Жезқазған темір жол құрылысының салынуы еліміз үшін сенімді теміржол тұрақтылығын құруға мүмкіндік береді. Бүгінде мұндай ірі жобалар тиімді және жеделдетілген түрде жүзеге асырылуда, бұл – жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа теміржол бекеттерінің салынуына себепкер болады. Құрылыс аяқталған соң, жергілікті тұрғындар үшін тұрғын үйлер мен мектеп құрылысы басталады. Біздің колледжімізді бітірген студенттер жоғары ынтымақтастықтың арқасында Маңғыстау жол дистанциясына сұраныс бойыншажұмысқа орналасып отыр. Бұл мекемемен байланысымыз әлі де өз шыңына жетеді деген сенімдеміз.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz