www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Студенттік өмір » Біздің жетістіктер

Біздің жетістіктер

2016 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы, Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас Ұлан» әскери-спорттық клубтарының облыстық жарысында 1-орынмен колледж студенттері марапатталды.

 

2016 жылы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Болашаққа бастар жол...» атты театрландырылған байқауының «Ең үздік қойылым» номинациясын колледж студенттерінен құралған топ иеленді.

 

2016 жылы Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Өңірлік ұйымдастыру алқасының төрайымы Б.Нұрғазиева. Worldskills Kazakhstan өңірлік чемпионатында «Тақтатаспен қаптау» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Арықбай Дәурен Қалниязұлы 1-орынды иеленді.

 

2016 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы, Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік колледж оқушылары арасында бильярд спортынан облыстық жарысында колледж студенттері 1-орынды иеленді.

 

2016 жылы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жоғары және арнаулы білім беру оқу орындары студенттерінің арасында өткен «Үш тіл білетін ұрпаққа үміт мол» атты мәнерлеп оқу байқауының «Үздік талант» номинациясы бойынша колледж студенті Оринханов Қуаныш Ерланұлы иеленді.

 

2016 жылы «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешені» КММ Ақтау қалалық «Интеллект-2016» зияткерлік сайысында ұйымшылдық танытып, финалдық кезеңінде үздік командалық ойын көрсеткені үшін колледж студенттерінен құралған топ 3-орынды иеленді.

 

2016 жылы Алаш үкіметі һәм Әлихан Бөкейханов атты Қазақстан тарихы пәнінен өткен республикалық қашықтық олимпиада жүлдегері колледж студенті Лепес Нұрлан иеленді.

 

2015 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жоғары және арнаулы орта оқу орындары суденттері арасында облыстық экологиялық олимпиадада колледж студенті Қылышбекова Салқын 1-орынды иеленді

 

2015 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтарының ІV облыстық «Жас мамандар-2015» слетінде колледж оқытушылары 3-орынды иеленді.

 

2014 жылы МТынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ҚазККА колледждерінің студенттері арасындағы «Жастар еліміздің болашағы» атты «Студенттер көктемі-2014» фестивалінде Ақтау көлік колледжі 1-орынды иеленді.

 

2010 жылдың Наурыз айында «8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне» байланысты  мүгедек аналарды құттықтап, бір жолғы көмек көрсетілді.

 

2010 жылы сәуір айында «Ұлы Отан Соғысының – 65 жылдығына» орай Ақтөбе қаласында «Студент көктемі - 2010» өтті. Ақтау көлік колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.

 

«Студент көктемі - 2010» Ақтау қаласында өткізілген Х-шы облыстық фестивалінде колледж оқушылары келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды: «Театр жанры» 1-ші орын;  «Аранжировка» жанры бойынша 3-ші орын;

 

2010 жылы 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бейбітшілік шеруі» өтті. Шеруге барлық колледж оқытушылары мен қызметкерлері және студенттер қатысты.

 

2010 жылғы мамыр айында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жылдығын мерекелеу аясында «Облыстық Филармония» залында концерттік бағдарлама өткізілді. Кешке Ұлы Отан соғысына қатысқан 6 ардагер аталарымызбен әжелеріміз шақырылды. Ардагерлерімізді  колледж директоры Е.Е. Қарсыбаев мырза құттықтап, сыйлық тапсырды.

 

2010 жылы қыркүйек айында «Луара» қоғамды қоры «Молодежная волна - 2010» туристік слетін өткізді. Слетке колледж студенттері қатысып алғыс хатпен марапатталды.

 

2010 жылы қазан айында «Ақтау студенттер Альянсы» КҚ «Бірлігіміз жарасқан» республикалық науқанның аясында «Бірлігіміз жарасқан, тірегіміз Қазақстан» атты байқау өтті. Колледжіміз Түркменстан Республикасының салт-дәстүрлерін, биін көрсетіп І – орынды қанжығасына байлады.   

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының қатысуымен өткен мәжілісінің №32-22. 4 хаттамасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында 2010 жылғы 14-16 қараша күндері аралығында Алматы қаласында «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының ұйымдасытруымен «Студенттік өзін-өзі басқару институтының тиімділігінің мәселелері» атты республикалық студенттік форумы өткізілді. Форумға С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, республикамыздың оқу орындарының студенттері және колледжімізден «Ақтау студенттер Альянсының» мүшелері Досқантегі Ерсұлтан, Шахатов Сержан қатысты. «Қазақстан студенттер Альянсы»  республикалық қозғалысының 24 қала ішінде Ақтау қаласы 1 орынға иеленіп, дипломдармен марапатталды.

 

1-желтоқсан ЖҚТБ – ға қарсы Дүниежүзілік күрес күніне арналған «ЖҚТБ-ны тоқтат! Уәдені орында!» атты Ақтау қаласындағы ЖҚТБ орталығы облыстық деңгейде театрлық қойылым байқауын өткізді. Бұл байқауда колледж студенттері «Әртістік шеберлік өнері» үшін дипломмен марапатталды.

 

«Қазақ КТК (КВН) лигасы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтау көлік колледжінің студенттерінен жасақталған КТК командасы 2010 жылдың 11-12 мамырда Ақтөбе қаласында өткен 11-ші ҚР Чемпионатының ¼ Финал ойынына қатысып, жартылай финалға жолдама алған болатын және 2010 ж 28-29 қазан күндері Алматы қаласында Республика деңгейіндегі оқу орындарының 11-ші ҚР Чемпионатының ½ Финал ойнына қатысып, финалға жолдама алды. Қазіргі таңда колледж тарапынан және «Каскор Транссервис» АҚ демеушілігімен 2010 жылдың  желтоқсан айының 18 күнгі өткізілген 11-ші ҚР Чемпионатының Финал ойнынан 3 - орынға ие болды.

 

2010 жылыдың қараша айында ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығын мерекелеу шеңберінде, халықтың шығармашылық рухани мәдениетін және қоғамдық әлеуметін арттыру, Қазақстан Республикасының жетістіктерін көрсету мақсатында  «Мерекелі – берекелі Тәуелсіздік!» атты қалалық фотосурет байқауы өткізілді.

Байқауда «Ақтау бүгін және ертен» номинациясы бойынша Данабаев Елдос ІІ-орынға, Данабаева Фатима ІІІ-орынға ие болды.

 

2010 жылдың 15 желтоқсан күні «Қазақстан Жастар Альянсының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты театрлық қойылым жарысы өткізілді.  Байқауға қала бойынша 7- колледж қатысыты. Ең үздік Қайрат Рысқұлбековтың рөлін сомдаған Досқантегі Ерсұлтан алғыс хатпен марапатталып, жалпы тобымыз ІІІ – дәрежелі орынға ие болды.

 

2011 жылдың 3-4 мамыр күндері Астана қаласында республикалық деңгейде (Астана, Ақтау Шымкент, Ақтөбе, Алматы) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және теміржолшылардың ел егемендігінің қалыптасуына қосқан үлесіне арналған «Студенттер көктемі - 2011» көркем шығармашылық фестивалінің 2 –ші кезеңі өткізілді. Ақтау көлік колледжінің студенттері 1-ші орынды қанжығасына байлап келді.

 

Облыстық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен дарынды студент жастарды қолдау, белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылыдығына орай, «Тәуелсіз елдің – талантты жастары» тақырыбында 7 мамыр күні ХІ-ші қалалық «Студенттер көктемі - 2011» жастар фестивалі өтіп, колледж студенттері БАС-ЖҮЛДЕНІ иеленді.

 

Ағымдағы жылдың 2 маусым күні Қазақстанның VІІ ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өтті. Ойынға колледж студенттер «Дәстүрлі ән салу» және «Эстрадалық ән салу» конкурстарына қатысып ІІ-ІІІ орындарға ие болды.




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz