www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Студенттік өмір » Ар-Ұждан кодексі

Ар-Ұждан кодексі

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенттерінің АР-ҰЖДАН КОДЕКСІ

Отанымыздың лайықты азаматы болуға, өз бойымдағы адамға тән ең жақсы қасиеттерді дамытуға тырысамын.

Сабақтарды себепсіз жібермей сынақтар мен емтихандарды уақытылы тапсыруға уәде беремін.

Оқуды жақсы оқып, таңдаған мамандығымның шебер иесі болуды, болашақ жұмысым үшін өз білімімді толықтыруға және іс-тәжірибе жинақтауға барлық күш-жігерімді саламын.

Ұстаздарға, колледж қызметкерлеріне, құрбы-құрдастарыма сый-құрметпен қарауға, оларға дөрекі мінез көрсетпеуге уәде беремін.

Ұжымымыздың ішіндегі, жыныстық, нәсілдік, дөрекі қылықтардың туындамауына жол бермеуге ат салысамын.

Күнделікті өміріміздегі ішімдік, есірткі заттары мен темекіге қарсы күрес жариялаймын, салауатты, өнегелі өмір сүруге міндеттенемін.

Киген киімімді, бой-басымның тазалығын, колледж әкімшілігінің талабына сай күтіп ұстауға уәде етемін.

Жалпыға бірдей адамгершілік ережесінің орындалуына, қоғамдық орындарға оғаш қылық көрсетпеуге, оған жол бермеуге ат салысамын. Колледж ұжымының әдет-ғұрпын сыйлауға, мүліктерін таза және ұқыптылықпен сақтауға міндеттенемін.

Осы ар-ұждан кодексін қабылдай отырып, колледжіміздің беделін жоғары болуына күш жігерімді аямаймын.

Жоғарыда берген уәделерімді орындай алмасам студенттердің өзін-өзі басқаратын кеңесінің  қандай да болмасын  шешіміне ризамын. 

Осы кодексті орындаймын деп ант етемін.

 

09.09.2016 ж. Студенттер ұжымы жиналысында

қаралып, қабылданды

 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz