www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 16 желтоқсан 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Студенттік өмір » Студенттік кеңес

Студенттік кеңес

Студенттік кеңестің ережелері

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Колледждің студенттік кеңесі-студенттердің қызығушылықтары, оқу –тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын, студенттердің өкілдері.

Студенттік кеңес – колледждегі оқу тәрбиелік  процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.

 1.2. Студентік кеңес туралы ережелер студенттік кеңес жиналысында талқыланып, жасалған және айтылған ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, студенттік кеңестің ашық жалпы отырысында қабылданады. 

1.3. Студенттік кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы, ҚР Азаматтық туралы  кодексі», ҚР  Жастарының мемлекеттік саясаты туралы»  ҚР  Заңы және Ереже бойынша жүзеге асырады.

 

2. Студенттік кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1. Студенттік кеңестің басты мақсаты – колледж басшылығы мен студенттер арасындағы қарым – қатынастарды тереңдету, студенттердің бос уақытын, оқу үрдісін және тұрмыстық жағдайын жақсарту.

 2.2. Студенттік Кеңестің негізгі міндеттері:

 - Студенттік кеңестің қызметі бойынша жоспарларды, бағдарламаларды, ережелерді, концепцияларды және басқа да жоспарлық құжаттарды  өңдеу және орындау;

 - мемлекет жүргізетін демократиялық реформаларды студенттерге насихаттау, түсіндіруге көмектесу;

 - мемлекеттің жастарға қатысты жұмыстарына және Студенттерге қатысты ҚР Үкіметі бекіткен заңдарды іске асыруға қатысу және көмектесу;

 - әрбір студенттің жеке өнімді жұмыс  және ғылыми еңбек ұйымдастыруға, жан-жақты дамуына көмек көрсету;

 - студенттерде оқуға деген жауапкершілікті арттыру, қоғамдық  жұмысқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

 - студенттерді заңға деген құрметке, тәрбиелік нормаларға және студенттер  үйінің ережелеріне бағынуға тәрбиелеу;

 - студенттерде патриоттық сезімдерді, студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

 - студенттерді салауатты өмір салтына және азаматтық тәрбиеге баулу, интеллектуалдық потенциалын дамыту және тереңдету

 - әлеуметтік әділеттік сезімін, дұрыс адамгершілік - психологиялық климатты қалыптастыруға жоғары қажеттілік таныту;

 - кең жариялау және адамгершілік - гуманистік принциптерінің негізінде заң бұзушылыққа, маскунемдікке және басқа да қоғамдық тәртіпке қарсы тұруға тәрбиелеу;

 - колледж әкімшілігіне оқу және тәрбие процестеріне пайдасын тигізетін іс-шаралар өткізуге көмек көрсету.

 

3. Студенттік кеңестің құрылымы

3.1. Күндізгі оқу формасында оқитын кез-келген студент Студенттік кеңес мүшесі бола алады. Колледждің Студенттік кеңестің төрағасы жыл сайын ұсынылған кандидаттардан, Студенттік кеңес мүшелерінің жиналысында дауыс беру арқылы таңдалады.Студенттік Кеңестің мүшелерінің санын оқу орнының әкімшілігі шешеді.

 3.2. Студенттік Кеңестің құрамына кіреді: Жалпы жиналыста таңдалған Студенттік Кеңес төрағасы, хатшы, комитет басшылары,  студенттер. Қажет жағдайда Студенттік кеңес құрамына өзгерістер енгізеді.

 3.3. Студенттік кеңес жиналыстары аптасына бір рет өткізіледі.

 3.4.Студенттік кеңес негізгі міндеттерін іске асыру үшін келесі комитеттер құрылады:

 - оқу-ғылым комитеті

 - сыртқы қарым-қатынас істер комитеті

 - студенттердің құқығын қорғау комитеті

 - ақпараттық комитет

 - студенттердің  мәдениет жұмыстарымен айналысатын топ

3.5. Студенттік кеңестің төрағасы:

 - Студенттік Кеңесті басқарады, негізгі бағыт беріп отырады

 - Студенттік Кеңестің приоритеттік бағыттарын анықтайды

 - Студенттік Кеңестің барлық құжаттарына бірінші қол қоя алады

 - Студенттік Кеңестің алға қойған мақсаттарына жетуі үшін қаржылық-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырады

 - Студенттік кеңестің жұмысын басқарады, жүктелген жұмыстарға жауапкер

 - оқу жылының соңында Студенттік Кеңестің жұмысы туралы жылдық есеп береді

 - Студенттік кеңестің жиналыстарын өткізеді

 - жұмыстың уақыт тәртібін бекітеді

 - Студенттік кеңес марапаттайды және ескертулер жасайды

- Студенттік Кеңестің жалпы жиналысында қаралған шешімдерді жүзеге асырады

3.6. Студенттік Кеңестің төрағасы комитет басшыларын мынандай жағдайларда босата алады:

 1) жоспарды уақытылы орындамаған жағдайда

 2) құжаттар жоғалғанда

 3) ереже бойынша берілген міндеттерді орындамаған жағдайда.

 

4. Студенттік кеңестің іс-жүргізу жұмысы

4.1.Студенттік кеңес оларға берілген іс-жүргізу жоспары бойынша жұмыс жүргізеді

4.2.Студентті кеңестің жұмысы бойынша хаттама жазылады.

 

5. Студенттік кеңестің жауапкершіліктері

5.1. Студенттік Кеңес өзін-өзі басқару шектерінде мынандай жауапкершілікті өздеріне алады:

- студенттерді оқу және еңбек жүйесін ұйымдастыруға, құқық бұзушылықтарға, қоғамдық және тәртіптік шараларды уақытылы қолдануға

 - студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, Студенттік кеңестің  әрбір мүшесінің тұлға болып қалыптасуына

 - колледждің маңызды сұрақтарына студенттердің қоғамдық ойын есепке алу және жүйелендіру, студенттердің осы мәселелерді талқылау, қабылдау және іске асыру  үшін жағдай жасау

 5.2. Сонымен қатар Студенттік кеңес студенттердің құқықтарын іске асыруда беріктілік, көрегенділік және білушілікті қамтамысыз етуді де өз міндетіне алады




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz