www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2017 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » ҚР Заңдары және нормативтік-құқықтық актілері » "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту" туралы бұйрық

"Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту" туралы бұйрық

 

"Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 2 қарашадағы № 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 желтоқсанда № 12366 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А.М. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы                                  Т. Балықбаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      2015 жылғы 10 қараша
      ___________________ Ә.О. Исекешев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      2015 жылғы 4 қараша
      ___________________ Е.А. Досаев

  Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 2 қарашадағы  
 № 619 бұйрығына     
 1–қосымша       

  «Отбасы және балалар саласында 
 көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
 стандарттарын бекіту туралы»  
 Қазақстан Республикасы    
 Білім және ғылым министрінің 
 2015 жылғы 13 сәуірдегі    
 № 198 бұйрығына 8-қосымша   

   «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 .Жалпы ережелер

      1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
       3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
       2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

        4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
       1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
       2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
       3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
       5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
       6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама (бұдан әрі - шарт жасау туралы хабарлама) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
       Көрсетілетін қызметті алушы шарт жасау туралы хабарламаны алғаннан кейін баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт жасау үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет.
       Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
       7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
       8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
       9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
       1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш (еркін нысанда);
       2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа сәйкестендіру үшін талап етіледі);
       3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш;
       4) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
      5) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
       6) білімі туралы мәлімет.
      порталда:
       1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
      2) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
       3) білімі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі.
      Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
       1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
       2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
       3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
       4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
       5) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
       6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысы қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ шарт жасау туралы хабарлама жіберіледі.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиеуші болуға ниет бәлдәрген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін дайындалады.
       10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
       1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмауы;
       2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы;
       3) көрсетілетін қызметті алушыны соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;
       4) көрсетілетін қызметті алушының өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлуі;
       5) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы;
       6) көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерді орындай алмауы.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Астана және
Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
       Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» ала алады, ол өтініштер көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
 қойылатын өзге де талаптар

        13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
       14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.
       15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы «1414».
      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

  «Баланы (балаларды) патронаттық
 тәрбиелеуге беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша         

Нысан

________________________________
(Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органы)

   Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау
 туралы хабарлама

Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болғанда), ЖСН ___________
Көрсетілетін қызметті алушының туған күні ___________________________
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау үшін
______________________________________ мекен жайы бойынша орналасқан
(Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының мекен-жайы)
_______________________________ (Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
 органдары) хабарласу қажет.

      Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған
      __________________________________________________
      (жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы)

  «Баланы (балаларды) патронаттық
 тәрбиелеуге беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша         

Нысан

   Патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ

Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________
                             (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың
_____________________________________________________________________
     тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы, жұмыс орны)
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның мекенжайы және телефоны: ___________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеріп-қарау мақсаты ______________________________________________
                                     (патронат тәрбиеші)
       1. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтардың
                       жалпы мінездемесі
Тегі _____________________________ Аты ______________________________
Әкесінің аты (бар болғанда)_____________ туған күні _________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тегі ______________________________ Аты _____________________________
Әкесінің аты (бар болғанда)_____________ туған күні _________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Некеде ________________________________ _____________________________
            (тұрады, тұрмайды)               (неке тіркелген күн)
Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында
                                 (иә, жоқ)
Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында
                                (иә, жоқ)
Балалары ____________________________________________________________
                               (бар, жоқ)
 
      Балалары туралы мәліметтер:
 
1) Тегі ____________________________ Аты ____________________________
Әкесінің аты (бар болғанда)_______________ туған күні _______________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
_____________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
2) Тегі ____________________________ Аты ____________________________
Әкесінің аты (бар болғанда)_______________ туған күні _______________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
_____________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
3) Тегі ____________________________ Аты ____________________________
Әкесінің аты (бар болғанда)________________ туған күні ______________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
_____________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
      2. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
Жалпы ауданы ______ (шаршы м.) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м.)
Тұрғын бөлмелердің саны _____________________________________________
Тіркелгендер ________________________________________________________
                               (тұрақты, уақытша)
___________________________________________________ құқығымен тұрады
      (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
Үйдің, пәтердің тиесілілігі _________________________________________
                             (мемлекеттік, жекеменшік)
Тұрғын үйдің жайлылығы ______________________________________________
                (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________
                         (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________
_____________________________________________________________________
      Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
      Туған күні
      Туыстық қатынастары
       Жылдық табыс
      3. Биографиялық деректер (балалық шақтағы және жасөспірім
кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен,
апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы):
_____________________________________________________________________
      4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы
ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы,
бала асырап алушылардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын
өткізуі, дүниетанымы, дінге, тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен
қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын туыстарының патронаттық
тәрбиеге алуға көзқарасы) ___________________________________________
      5. Патронаттық тәрбиеге алу себебі: ___________________________
_____________________________________________________________________
      6. Денсаулық жағдайы (патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген
азаматтар денсаулығының жағдайы туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес)
_____________________________________________________________________
      7. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтар
      Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.
      Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.
      Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін
қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.
      Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса,
бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды.
      Денсаулық жағдайы бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық
міндеттерін жүзеге асыра алмайды.

      _________________ __________________________________
      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болғанда))
      _________________
      (күні)

  Қазақстан Республикасы    
 Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 2 қарашадағы     
 № 619 бұйрығына       
 2-қосымша          

  «Отбасы және балалар саласында 
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
 стандарттарын бекіту туралы» 
 Қазақстан Республикасы    
 Білім және ғылым министрінің  
 2015 жылғы 13 сәуірдегі    
 № 198 бұйрығына 10-қосымша 

   «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

   1. Жалпы ережелер

        1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
       3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
       2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

        4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
       1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
       2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
       3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
       5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
       6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.
      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
       Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
       7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
       8. Жұмыс кестесі:
       1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
       2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
       9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
       1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);
       2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
       3) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
       4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
       5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда)
       6) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
       порталда:
       1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
       2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
       3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
       4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала бар болғанда);
      5) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
       1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
       2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
       3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
       4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
       5) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
       6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысы қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz